БЖБ 10-сынып Биология, 4-тоқсан ҚГБ «Биотехнология»
«Биотехнология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 4-тоқсан ҚГБ «Биотехнология»
Биотехнология бөліміне жиынтық бағалау
Оқыту мақсаты 10.4.3.1 Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
10.4.3.3 Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың
этикалық сұрақтарын талқылау
Бағалау критерий Білім алушы
Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіреді
Гендік модификацияланған ағзаларды қолдануда
этикалық түрғыда түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. 1-суретте картоптың әртүрлі пішіндері мен мөлшері көрсетілген. Кейбір түрі аязға
төзімді, кейбірі дәрумендерге бай және құрамында антиоксидант кездеседі.
1-сурет
Картоптың жаңа түрін алудағы биотехнологиялық әдістің артықшылығын сипаттаңыз.
1.
2.
2. Биотехнологияда қолданылған тірі ағзалардың үш кемшілігін ұсыныңыз.
3. «Гендік модификацияланған ағза» ұғымына сипаттама беріңіз.
4. «Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық мәні» тақырыбында эссе
жазыңыз
Cкaчaть документ