БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (ЖМБ) «Халықаралық құқық»
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» 11-сынып 4-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (ЖМБ) «Халықаралық құқық»
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы
азаматтары құқығының жүзеге асырылуы
Оқу мақсаты 11.5.1.1 Қазақстан Республикасы таныған халықаралық
құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан
Республикасының халықаралық құқығы мен
міндеттемелерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Халықаралық құқықтың қайнар көзіне жататын және
ҚР ратификациялаған құжаттардағы құқықтарын
анықтайды
Халықаралық құқықтың қайнар көзіне жататын және
ҚР ратификациялаған құжаттардағы міндеттерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
Кестедегі бос орынды толтырыңыз.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактi
(Нью-Йорк, 1966 ж. 16 желтоқсан)
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңы
Құқықтары Міндеттері
Осы Пактiге қатысушы әрбір мемлекет, осы
Пактiде танылған құқықтарды өзiнiң аумағының
шегiнде және юрисдикциясына қарасты аумақта
тұратын барлық жұртты нәсiлiне, түр-түсiне,
жынысына, тіліне, дiнiне, саяси, немесе басқа да
наным-сенімiне, ұлттық немесе әлеуметтiк тегiне,
мүлiктiк жәй-күйiне, туу немесе өзге де
жағдаяттарына қарамастан, еш алаламай аталған
құқықтарды құрметтеуге және қамтамасыз етуге
мiндеттенедi.
Өмiр сүру құқығы - әрбір адамның
ажырамас құқығы болып табылады. Бұл
құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де
өмiрi ерiксіз қиылуға тиiс емес.
Осы Пактiге қатысушы мемлекеттер атааналардың, тиiстi жағдайларда заңды
қамқоршылардың, балаларына өздерiнiң нанымсенімдерiне сай дiни және имандылық тәрбиенi
қамтамасыз ету бостандығын құрметтеуге
мiндеттенедi.
Әрбір адамның бостандыққа және жеке
басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы
бар.
Сот пен трибунал алдында жұрттың бәрi тең.
Қорытынды ой жазыңыз.
Cкaчaть документ