Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан (КГБ)

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан (КГБ)

01 апр 2024, 11:07
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
119
0

Қазақ тілі 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан (КГБ)

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер
9. Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені,
қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор көзқарасын талдаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-
жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Соңғыуақыттардағаламтормүмкіндігініңкөптігінеқарамастан,жербетіндегі
адамдардың көп бөлігі, әлі де болса, сиқырлы қобдишадағы кинолардан бас тарта алар емес.
Оған дәлел мемлекетімізде жыл санап кинотеатрлар санының артуы. Әлемде Халықаралық
кино күнін 28 желтоқсанда атап өтеді, себебі дәл осы күні, 1895 жылы ағайынды Луи және
Огюст Люмьерлер киноны ойлап тапқан. Жалпы «кино» сөзі гректің kіneo – «жылжытамын»,
«жылжимын»дегенсөзіненшыққан.Киноөнердіңбірсаласы,кинематографияның
техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.
Әлемдік киноның даму жолын үлкен 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезеңі –
тұңғыш киноның шыққан жылы. Әрине, кино пайда болысымен түрлі түсті, дыбысты болып
шыққан жоқ. Ол көптеген асулардан өтіп, дәл қазіргі қалпына келді. Оның дүниеге келуімен,
«театрлар жабылады» дегендер де болды. Алғаш кино «жанды фотография» түрінде пайда
болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын
үшсалағабөлінді.Тұңғышфильмдердебаяндалатыноқиғатаспағаірібөлшектермен
түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс
болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынмен, бейнелі ыммен
толықтырды.
Кино өнері дамуының екінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз,
яғни«мылқау»киноныңөзалдынаөнерболыпқалыптасқанкезі.КСРО-даС.М.
Эйзенштейннің «Потемкин» бронды кемесі», «Қазан», В.И. Пудовкиннің «Ана», «Санкт-
Петербургтің ақыры», А.П. Довженконың «Арсенал», т.б. фильмдері дүниежүзілік кино
өнерінің дамуына ықпал етті
Кино өнері дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 30-40-жылдарын қамтиды. Бұл
кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді.
Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнері дамуының жаңа кезеңі
басталды(төртіншікезең).Бұлжылдарыкинотехниканыңжетілетүсуіменбіргекино
өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ-
та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу
сапасыартып,кеңэкрандыфильмдердестереодыбысқолданылды.Балаларғаарналған
мультипликациялық фильмдер шығарыла бастады. (282 сөз)
42


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.