Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 1-тоқсан 3-сынып 

ТЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 1-тоқсан 3-сынып 

09 окт 2023, 15:30
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 3 сынып
271
0

 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып
 

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар). Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеругежәнетоқсанбарысындамеңгергенбілім,білікжәнедағдыларынанықтауға бағытталған.  Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылғанжауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырматыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісіоқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысынтексеруге бағытталған.

ТЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 1-тоқсан 3-сынып 

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап алып, Ақтөс деп ат қойды. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы. Бауырын жаңа көтерген күшік құлдыраңдап жүгіреді. Шәуілдеп үретінді шығарды. Есік алдындағы тауықтарды қуып, маза бермейді. Нұрлыбек оған ішек-сілесі қатып күледі.
–Жануарлардың суретін салыңдар, – деген апайының тапсырмасы Нұрлыбектің есіне Ақтөсті түсірді. Ол қолына қарындаш алды. Сәлден соң қағазын алып, төргі бөлмеге кірді.
– Әже, Ақтөстің суретін салдым! Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да:
– Шынында да, аумайды екен, – деді суретке қызыға қарап.

Нұрлыбек күшігін неліктен Ақтөс деп атады?
• Ол күшігінің қандай іс-әрекетіне мәз болады?
_______________________________________________________________________
• Нұрлыбек неге бірден өз күшігінің суретін салды деп ойлайсың?
_____________________________________________________________________
• Жұпта «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына диалог құрастыр. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.