ТЖБ «Дүниежүзі тарихы» 6 сынып 1-тоқсан
1-тоқсандық жиынтық бағалау «Дүниежүзі тарихы» 6-сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
ТЖБ «Дүниежүзі тарихы» 6 сынып 1-тоқсан
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Византия мемлекетінің ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтаңыз.
[3]
2. Төменде берілген оқиғадағы мәліметтерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
X ғасырдағы тарихи дерек көздерінен алынған жазбада Вилли есімді шаруаның феодал
қожайыннан алған жер үлесі болғаны айтылады. Бұл үшін Вилли аптасына 3 рет дайын
отынды тасу, айына 7 рет қой бағу, қожайынның жерін өндеу, шөп шабу, иелігінде жұмыс
істеуге міндетті болды.
а) Виллидін қожайын (феодал) алдындағы міндеті қалай аталады?
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
в) Неліктен ол барлық жұмысты жасауға тиіс болды?
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
с) Феодалдық құрылыстың негізгі белгілерін атаңыз
Cкaчaть документ