Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Информатика» 7-сынып «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» 

БЖБ «Информатика» 7-сынып «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» 

19 окт 2023, 11:06
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
123
0

«Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ  «Информатика» 7-сынып «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» 



«Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты 7.2.1.1 Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту
7.1.1.1 Компьтерлік жады түрлерінің қызметін (Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады) сипаттау
7.1.2.3 Файлдарды сақтау кезінде әртүрлі форматтарды қолдану 
7.1.2.2 Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару
 
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне аударады 
• Жады түрлерінің қызметін сипаттайды: Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады
• Бірдей ақпарат сақталған түрлі пішімдегі файлдардың өлшемдерін талдайды
• Түрлі пішімдегі мұрағаттарды құрады және мұрағаттан шығарады
 
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
 
Орындау уақыты 20 минут
 
Тапсырмалар 
 
1. Мақсат биология пәнінен реферат жазу үшін гүлдердің суретін салды. Берілген суреттер жедел жадыда сақталған. 
 
 
Бір гүлдің суретін сақтау үшін 10 Кб қажет. Жедел жадының әрбір ұяшығының өлшемі 10 Кб тең.
 
а. Жедел жадыда қанша көлем бос орын қалғанын анықтаңыз.
 
_________КБ=_______________байт
 
 
 
2. Мақсат көлемі 4500 байт құрайтын docx форматында мәтіндік редакторда реферат құрды. Мақсат файлды мұғалімге беруі керек. 
 
а. Ақпаратты беру үшін қандай сақтау құрылғысын қолдануға болатынын анықтаңыз. 
 
    
 
b. Таңдауыңызды түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
3. Флеш-карта сақтау құрылғысында бос орын көлемі 4 Кб. Реферат көлемі .*docx форматында 5600 байт,  .*pdf форматында 4600 байтқа тең.
 
Флеш-картаға қайсы құжатты орналастыруға болатынын анықтаңыз және түсіндіріңіз.
 
 Шешімі _______________________________________________________________
 
Түсіндіруі ______________________________________________________________
 
4. docx форматындағы құжаттың көлемін кішірейтуге мүмкіндік беретін екі әдісті атаңыз және сипаттаңыз. 
 
1-әдіс: ________________________________________________________________________
Сипаттамасы __________________________________________________________________
 
2-әдіс: ________________________________________________________________________
Сипаттамасы __________________________________________________________________ 


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.