Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып «Уақыт»

БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып «Уақыт»

13 ноя 2023, 10:18
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 3 сынып
129
0

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 1-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген


БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып «Уақыт»

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған
 өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін ) өз
 көзқарасын білдіру
3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып,
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді
• Тыңдарманның назарын аудару үшін қаратпа сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтін не туралы?
А) уақыттың құны туралы
В) уақыттың қадірі туралы
C) уақыттың бөлігі туралы
 D) уақыттың пайдасы туралы
• «Алтын уақыт» деп неліктен айтады?
• Мәтіндегі уақытқа қатысты айтылған пікірлердің қайсысымен келісесің? Неліктен?
2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін
дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, өз ойыңмен бөліс.
Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың
үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен
айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – алтын уақытымыз. Ол ешқашан қайта айналып
келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын
бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы
қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы
жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық
жұмсай аласың.
16



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.