ТЖБ «Дүниетану» 3-сынып 2-тоқсан

2-тоқсан бойыншажиынтық бағалау 3-сынып «Дүниетану»

3-сыныпта  «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар  «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ «Дүниетану» 3-сынып 2-тоқсан

«Дүниетану» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кез келген спорт түрімен айналысу үшін нені ескеру керек? Спорт түрін таңдау
кезінде ескерілетін 2 ерекшелікті жаз.
 1) _____________________________________________
 2) _____________________________________________
[2]
2. Көшпелі өмір салтын бейнелейтін суреттерді белгіле ().
• Қалған суреттерді пайдаланып, отырықшы өмір салтын сипаттап жаз.
1) ___________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
 [4]
3. Суреттерге қара. Адамдардың қоныстануына қолайлы жерлерді белгіле (). Себебін
түсіндір.

 шөлді жерлер жазық жерлер таулы жерлер өзен жағалауы