БЖБ «Әдебиеттік оқу» 4-сынып «Мамандықтар әлемі»
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ «Әдебиеттік оқу» 4-сынып «Мамандықтар әлемі»
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/
сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі
қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап
оқу
4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық
құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі,
шарықтау шегі, шешімі) анықтау
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны
бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен тиісті ақпаратты тауып, белгілейді
• Мәтіндегі оқиғаға қатысты көзқарасын білдіреді
• Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, тақырып
қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
1) Мұғалім балаларға неліктен ескерту жасады?