БЖБ «Дүниетану» 4-сынып «Мәдени мұра»

«Мәдени мұра» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниетану» 4-сынып  

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнынжаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ «Дүниетану» 4-сынып «Мәдени мұра»

«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу
тарихын түсіндіру
4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып,
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті
қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы
қорытынды жасау
4.3.1.2 Тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ халқының қалыптасу тарихын түсіндіреді
• Көрнекті қайраткерлердің ғылым саласына қосқан
үлесін сипаттайды
• Тарихи мұражайлардың рөлін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
а) Берілген сілтеме бойынша бейнежазбаны мұқият қара немесе берілген мәтінді
түсініп оқы. https://youtu.be/8rY0jtLhLV0