БЖБ Қазақ тілі Т1, 5 сынып 2-тоқсан«Лексика»
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі Т1, 5-сынып 2-тоқсан«Лексика»
Оқу мақсаты5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және
қосымша ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1)Мәтін не туралы?
2)Қоршаған ортаны қорғаудағы «Қызыл кітаптың» рөлі қандай?
3)Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл
одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің
«Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер
Скотт ұсынды.
«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан,
тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі
күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар,
сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара,
кезбе көгершін, мамонт.
Жойылыпкетуқаупыбаржануарларменөсімдіктерқорықтардақорғалып,
сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды
қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес,
Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, БатысАлтай, Алматы, Марқа көл, Ала көл, Қара тау.
2.Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтап, себебін төмендегі клишеге
сүйеніп түсіндіріңіз.
Клише:
Менің ойымша ... негізгі ақпарат/қосымша ақпарат.
Себебі...
12