БЖБ «Қазақстан тарихы» 7-сынып 2-тоқсан «XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»
«XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 7-сынып 2-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ «Қазақстан тарихы» 7-сынып 2-тоқсан «XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»
ТақырыпXVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
Оқу мақсаты7.2.1.1 Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың
құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
7.2.2.4 Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Бағалау критерийіБілім алушы
Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары
мен маңыздылығын сипаттайды
Қолданбалы өнердің жетістіктеріне баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
1.Cалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сипаттап, құндылығы мен маңыздылығын
анықтаңыз.
Cалт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрып
СипаттамаҚұндылығы мен маңызы
Ерулік
Жылу жинау
Асар
2.«XVIIIғасырқазақхалқыныңқолданбалыөнерініңгүлденгендәуірі»тақырыбына,
ПТМС формуласын қолданып баға беріңіз.
Позиция«XVIII ғасыр қазақ халқының қолданбалы өнерінің гүлденген дәуірі деп санауға
болады/болмайды?»
Түсіндіру(себебі...)
Мысал(мұны мынадай 2 мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар(қорытынды жасаймын....)
10