БЖБ «Информатика» 8-сынып 1-тоқсан «Денсаулық және қауіпсіздік»

«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 8-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ «Информатика» 8-сынып 1-тоқсан «Денсаулық және қауіпсіздік»

«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Жағдаятты интернеттен келетін қауіп түрімен сәйкестендіріңіз.
Алаяқтық
Әлеуметтік желілердің кері әсері
Поштаға үнемі спам хабарламалардың келуі
Агрессия
Интернет ойындардың бала санасын улауы
Браузерді қосқанда кез келген жарнаманың экранға
шығуы
2. Оқушы электронды пошта арқылы маңызды құжатты ата-анасына жіберу қажет болды.
Интернет желісін қауіпсіз қолданудың екі жолын ұсыныңыз.
1) _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Белгісіз сайтқа тіркелу кезінде телефон нөміріңізді жазудың кері салдарын түсіндіріңіз.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4. Төменде берілген тұжырымдарды қарастырыңыз. Интернет желісіндегі қауіпті
әрекеттерді белгіше арқылы ( ✓) көрсетіңіз.
 Жеңіл құпия сөз қолдану ыңғайлы, өйткені есте сақтау қиын емес;
 Ата-ананың рұқсатымен әлеуметтік желіні қолдану қауіпсіз;
 Интернетте танысқан адаммен кездесуден қорқудың қажеті жоқ;
 Досымның компьютерінде құпия сөзді сақтап қалдыру мен үшін зиян келтірмейді;
 Әлеуметтік желіде жеке парақшаны баршаға қолжетімді ету қауіпсіз;
 Интернетте өзімнің толық аты-жөнімді, мектебімді, нөмірімді көрсету қауіпсіз.