БЖБ «Химия» 8-сынып 2-тоқсан «Сутек. Оттек және озон»
«Сутек. Оттек және озон» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 8-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ «Химия» 8-сынып 2-тоқсан «Сутек. Оттек және озон»
8.2D «Сутек. Оттек және озон» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Сутекті алу және оның қасиеттері мен
қолданылуын зерттеу
8.4.2.3 Оттекті алу және оның қасиеттері мен
қолданылуын зерттеу
8.4.2.4 Оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы
мен қасиеттерін салыстыру
8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сутекті алу және оның қасиеттері мен
қолданылуын сипаттайды
• Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің
қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды
• Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы
мен қасиеттерін сәйкестендіреді
• Озон қабатының маңызын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Зертханада сутекті алуға болатын реакция:
A) Na + ZnCI2 →
B) Mg + HCI →
C) Cu + HCI →
D) Na + CuCI2 →
2.Суретте зертханада сутек газын алып, оның
химиялық қасиетін зерттеуге арналған
қондырғы көрсетілген. Мырыш пен
сұйытылған тұз қышқылын әрекеттестіріп
сутегі газын алады.
А сурет
(a) Суретте көрсетілген сутегі газының физикалық қасиеттерін жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
(b) Жиналған газ сутегі газы екендігін дәлелдеңіз.
_____________________________________________________________________________
(с) HCl
𝐴
→ H2
+𝐶𝑢𝑂
�⎯⎯� B + H2O
(i). Тізбектегі А затын анықтаңыз:
(ii). В затын анықтап, реакция теңдеуін толық жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
(d) Сутектің қолданылуына мысал келтіріңіз.
_________________________________________