БЖБ «География» 8-сынып 1-тоқсан «Физикалық география»
«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 8-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ «География» 8-сынып 1-тоқсан «Физикалық география»
«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жер бедері түрлерін жіктейді. Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері.Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері.Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері.
Оқу мақсаты 8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді
8.3.1.4 Материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады
8.3.1.7 Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды
8.3.1.10 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер бедерінің түрлерін ажыратады
• Материктер мен мұхиттардағы ұқсас орографиялық бірліктерді анықтайды
• Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін сипаттайды
• Жер бедерінің адамның тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін бағалайды
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Суреттерді жер бедерінің түрлерімен сәйкестендіріңіз.
жазық тау аласа тау
2. Материктік және мұхиттық жер бедерін салыстырыңыз. Мәліметтерді кестеге толтырыңыз.
Материктік жер бедері Ұқсастықтары Мұхиттық жер бедері
3. Сипаттамасы бойынша тау жыныстарының түрлерін анықтаңыз.
• Бұл тау жыныстары сұйық шөгінді заттар мен газ және кристалдардан тұратын
магмадан түзіледі. Магмалар жердің тереңдігіндегі геотермалды жылудың әсерінен бұрынғы шөгінділердің үгілуінен пайда болады және жер астында қатайып, берік магмалық тау жынысы және гранит секілді ірі тау жыныстары түзіледі. Лава ауада болғанда жылдам суыйды және базальт сынды ұсақ тау жыныстарын түзеді.______________________________
• Бұл тау жыныстары түрлі табиғи жағдайларда: су, жел, ауырлық немесе мұз
әсерінен түзіледі. Бұл тау жыныстары үгілген және эрозияға ұшыраған бұрынғы шөгінді фрагменттерінен пайда болуы мүмкін. Ағзалардың шіруінен немесе бір кездері теңіз асты кені болған еріген минерал тұнбаларынан түзілуі мүмкін.______________________________
• Тау жыныстары жоғары қысым мен температура әсеріне ұшырағанда олардың
құрылысы мен құрамы айтарлықтай өзгереді. Жердің тереңдігінде орналасқандықтан тау жыныстары үлкен температурамен жоғарыдағы тау жыныстары есебінен үлкен қысым әсеріне ұшырайды. Интрузивті магмалық тау жыныстарының қызуы жақын маңдағы тау жыныстарын жоғары температураға ұшыратып, олардың минералдық құрамын өгертуі мүмкін. ______________________________
4. Төменде берілген суреттерге қарап, талдау жасаңыз.
1-сурет 2-сурет
Бұл жерлерде шаруашылықтың қай түрін дамыту қолайлы деп ойлайсыз? Неліктен? _________________________________________________________________________