БЖБ «Қазақстан тарихы» 8-сынып 2-тоқсан «Отарлау және ұлт-азаттық күрес»

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 8-сынып 2-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ «Қазақстан тарихы» 8-сынып 2-тоқсан «Отарлау және ұлт-азаттық күрес»

«Отарлау және ұлт-азаттық күрес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ТақырыпСырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
1836-1838жылдардағыБөкейОрдасындағықазақтардың
көтерілісі.
Оқу мақсаты7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық
күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының роліне баға
беру
Бағалау критерийіБілім алушы
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-
салдарын сипаттайды
Ұлт-азаттықкөтерілісбасшыларыныңролін
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
1.XVIII-XIX ғасырларда болғанұлт-азаттық көтерілістердің ортақ себептері мен
салдарын сипаттаңыз.
Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ себептері
12
Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ салдарлары
12
2.«XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің рөлі» тақырыбында эссе
жазыңыз. Өз еркіңіз бойынша бір көтеріліс жетекшісін таңдаңыз.
Исатай Тайманұлы/Махамбет Өтемісұлы/ Сырым Датұлы/Кенесары Қасымұлы
Эссе критерийлері:
Тұлғаның көтеріліс барысындағы іс-әрекетін сипаттау;
Тұлғаның ерлігі туралы кемінде екі дәлел келтіру;
Көтерілістің нәтижесін жазу;
Көтерілістің тарихи маңызын жазу;
Тұлғаның көтерілістегі роліне (2 дәлел келтіру арқылы)баға беру.
13