ТЖБ «Геометрия» 8 сынып 2-тоқсан

«Геометрия» 8 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ «Геометрия» 8 сынып 2-тоқсан

«Геометрия» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Ер адам көше шамынан 8 м қашықтықта тұр. Оның көше шамына қарағандағы түсу бұрышы
30°-қа тең. Төмендегі суретті пайдаланып, көше шамының биіктігін табыңыз.
[3]
2.Ромб қабырғасы 13 см, ал оның бір диагоналі 10 см. Ромбтың екінші диагоналін
табыңыз.
[4]
3.Егер тік бұрышты үшбұрыштаctgα=3
2болса, онда
а)есеп шартына сай тік бұрышты үшбұрышты салып,αбұрышын кескіндеңіз;
b)cosα-ны есептеңіз.
[3]
4.Тікбұрыштыүшбұрыштыңгипотенузасынажүргізілгенбиіктігігипотенузаны
ұзындықтары 9 см және 16 смболатын кесінділерге бөледі. Тікбұрышты үшбұрыштың
катеттерін табыңыз.
[4]
5.ABCDтеңбүйірлі трапециясындаBCқабырғасы 4 см,СЕбиіктігі23тең, ал бүйір
қабырғасыADтабанымен 60° бұрыш жасайды. ТрапецияныңADтабанын табыңыз.
[6]