ТЖБ Информатика 8-сынып 2-тоқсан

Информатика 8-сынып 2-тоқсандық бойынша жиынтық бағалау

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

Тапсырма түрлері:

ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

  • Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар типтері пайдаланылды: қысқа/толық жауапты тапсырмалар.
  • Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.
  • Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.
  • Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізбекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады.
  • Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады.
  • Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.

ТЖБ Информатика 8-сынып 2-тоқсан

«Информатика» пәні бойынша 2-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төменде берілген кестені қарастырыңыз.
1.1. Кестедегі С бағанының ұяшықтар пішімін бүтін сан етіп пішімдеу жолын
жазыңыз.
1. Ұяшықтарды белгілеу
2. «Ұяшықтар пішімі» диалогтік терезесін ашу
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. «Ok» батырмасын басу. [2]
1.2. Жалпы бағасын есептеу формуласын жазыңыз.
_______________________________________________ [1]
2. Төмендегі кестедегі С3 және С4 ұяшығының пішімін анықтаңыз және бағасының
«сандық» пішімін D3, D4 ұяшықтарында көрсетіңіз.
С бағанының пішімі __________________________________________
[2]
3. Төмендегі кестені қарастырыңыз.
14
Бағасы 13000 асатын тауарлар қосындысын есептеу үшін қолданылатын кірістірілген
функцияны С7 ұяшығына жазыңыз.
__________________________________________________________ [3]
4. Төменде берілген кестені қарастырыңыз.