ТЖБ «Физика» 8 сынып 1-тоқсан
«Физика» 8 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ «Физика» 8 сынып 1-тоқсан
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының дұрыс тұжырымдалған
нұсқасын таңдаңыз.
A) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері
де тартылу күштері де болады.
B) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тебілу
күштері ғана болады, ал тартылу күштері ешқашан болмайды.
C) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тартылу
күштері ғана болады, ал тебілу күштері ешқашан болмайды.
D) Барлық денелер макробөлшектерден тұрады.
[1]
2. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.
a) Ішкі энергияны өзгертудің тәсілін атап көрсетіңіз.
[1]
b) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз.
[1]
3. Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.
a) Екі термометр арасындағы байланыс формуласын жазыңыз.
[1]
b) Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.