БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 2-тоқсан «Әлемдік экономикалық дағдарыс»

«Әлемдік экономикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 9-сынып 2-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ Дүниежүзі тарихы, 9-сынып 2-тоқсан «Әлемдік экономикалық дағдарыс»

3-бөлім «Әлемдік экономикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары қандай?
Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?
Оқу мақсаты 8.4.1.3 Тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар
нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы»,
«несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын
пайдалану
8.4.1.5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық
дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған
өзгерістерді анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ұғымдарды пайдаланып экономикалық дағдарысты
сипаттайды
 Экономикалық дағдарыстан кейінгі өзгерістерді
талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. 1929-1933 жылдардағы әлемдік дағдарыстың себебін және салдарларын анықтаңыз.
Дағдарыс себебі Дағдарыс салдары
2. Ұғымдарды пайдана отырып, дағдарыстың көріністерін жазыңыз.
a) «несие» _______________________________________________________________
b) «инфляция» ___________________________________________________________
c) «банкроттық»__________________________________________________________
3. 1930 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың төмендегі елдерге әсерін
жазыңыз.
Сұрақтар Англия Германия
Дағдарыс неге қатты әсер етті?
Экономикалық реформалардың мәні
4. ХХ ғасырдың 30-жылдардағы экономикалық дағдарысқа дейінгі және кейінгі жағдайды
сипаттаңыз.