БЖБ «Информатика» 9-сынып 1-тоқсан «Компьютер таңдаймыз»

«Компьютер таңдаймыз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 9-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 
БЖБ «Информатика» 9-сынып 1-тоқсан «Компьютер таңдаймыз»

«Компьютер таңдаймыз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.1.1
9.1.2.1
9.3.1.1
Мақсатына байланысты компьютердің
конфигурациясын таңдау Қолданушының
Қажеттілігіне байланысты программалық қамтамасыз
етуді таңдау
Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық,
экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және
зерттеу
Бағалау критериі Білім алушы
• Компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын
таңдайды
• Қолданушының қажеттілігіне байланысты
программалық қамтамасыз ету түрін аңықтайды
• Электронды кестеде процесстертің моделін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 мин
Тапсырмалар
1. Екі компьютердің бір бірінен конфигурациясы қандай компоненттерімен ерекшеленеді?
Ойыңызды жинақтап, кестені толтырыңыз.
Мәтінмен жұмыс істеу үшін компьютер Графикамен жұмыс істеу үшін компьютер
2. Ноутбук орнына NETBOOK–ті пайдаланудың екі артықшылығын анықтаңыз.
........................................................................................................................................................

3. Берілген процессорлардың мінездемелерін салыстырыңыз. Ойын компьютеріне қолайлы
процессорды таңдаңыз және таңдауыңызды түсіндіріңіз.