БЖБ «Қазақстан тарихы» 9-сынып 2-тоқсан «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті»

«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 9-сынып 2-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ «Қазақстан тарихы» 9-сынып 2-тоқсан «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті»

«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»
XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен
ғылым
Оқу мақсаты 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің
негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде
бағалау
8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім
мен ғылым саласындағы өзгерістерді
талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің
негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде
бағалайды
 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім
мен ғылым саласындағы өзгерістерге баға
береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуына неліктен реформа жүргізді?
_____________________________________________________________________________
__
_____________________________________________________________________________
__
«Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің негізін салушы» екеніне дәлел келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________
__
_____________________________________________________________________________
__
2. Ахмет Байтұрсыновтың атқарған қызметтерін берілген салалар бойынша дәлелдеңіз.
3. XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді
анықтаңыз
Өзгерістер Білім саласы Ғылым саласы