БЖБ «Химия» 9-сынып 1-тоқсан «Химиялық реакция жылдамдығы»
«Химиялық реакция жылдамдығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 9-сынып 1-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ «Химия» 9-сынып 1-тоқсан «Химиялық реакция жылдамдығы»
9.1С «Химиялық реакция жылдамдығы», 9.1D «Қайтымды реакциялар»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.3.2.1 Реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
9.3.2.2 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды
анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық
теориясы тұрғысынан түсіндіру
9.3.3.1 Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды білу;
9.3.3.2 Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау
және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша
химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау
9.3.3.3 Химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық
реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің
әсерін түсіну және ажырату.
Бағалау критерийі Білім алушы
Жылдамдық тұрғысынан химиялық реакцияның өту
принципін ажыратады
Бөлшектер теориясы тұрғысынан химиялық
реакцияның жылдамдығына әсер ететін
факторларды анықтайды
Қайтымды және қайтымсыз химиялық процестерді
жіктейді
Сыртқы факторлар өзгерген кезде химиялық
реакцияның жылдамдығының өзгеруін болжайды
Химиялық тепе-теңдікті өнімнің түзілу жағына
қарай жылжытуға қабілетті факторларды көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Химиялық реакция: А + В = С сызбанұсқасы бойынша жүреді.
(a) Реакция кезінде А және В заттарының концентрациялары қалай өзгереді?
________________________________________________________________________________
(b) А және В заттары қатты заттар екені белгілі болса, берілген реакцияны температураны
өзгертпей қалай жылдамдатуға болады?
________________________________________________________________________________
2. Кальций карбонаты және тұз қышқылы әрекеттесуі нәтижесінде көмір қышқыл газы бөлінеді.
(a) Химиялық процестің реакция теңдеуін құрастырыңыз: