БЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан «Тотығу-тотықсыздану реакциялары»
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 9-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан «Тотығу-тотықсыздану реакциялары»
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және
қолдану
9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен
байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін
түсіну
9.2.2.5 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу
дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 Тотығу процесін электронды беру, ал
тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану
реакцияларының коэффициенттерін қою
Бағалау критерийі Білім алушы
Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу
және тотықсыздану үрдістерін жіктейді
Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде
тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды
Реагенттер мен өнімдер құрамындағы
элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды
Жартылай реакция әдісімен электронды балансты
құрастырады және тотығу-тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін теңестіреді
Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну/ Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Электронды беру үрдісі қалай аталады?
A. Тотықсыздану
B. Тотығу
C. Тотығу-тотықсыздану
D. Айырылу
2. Назарларыңызға найзағайдың әсерінен жүруі мүмкін реакциялар ұсынылған.
Қай қатардағы жауап реагент молекулаларында болып жатқан процестерді дұрыс
көрсетеді?
N2 NO O3
A тотығу тотығу тотығу
B тотығу тотығу тотықсыздану
C тотықсыздану тотықсыздану тотығу
D тотықсыздану тотықсыздану тотықсыздану
3. Тотығу үдерісіне сәйкес келетін тұжырым: