БЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан «1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері»

«1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 9-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 9-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 9-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан «1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері»

9.2С «1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.1.3-1 (І)ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы
қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін
құрастыру
9.2.1.4 Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік
қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
9.2.1.5 Атом құрылысы негізінде алюминийдің
қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары
мен құймаларынның қолдану аймағын атау
9.2.1.6 Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің
екідайлы қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 1 және 2 топтағы металдардың жалпы қасиеттерін
салыстырады және реакция теңдеулерін
құрастырады
 Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік
қасиеттерін және қолданылуын түсіндіреді
 Алюминийдің кристалл торының құрылымдық
бөліктерін ажыратады және осы құрылыстың
негізінде оның қолданылуын түсіндіреді
 Алюминий оксидінің балқымасының электролизі
арқылы алюминийді алудың реакция теңдеуін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Периодтық кестедегі І топ элементтеріне литий, натрий, калий және рубидий элементтері
жатады.
(a) Неліктен калий керосин ішінде сақталатындығын түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
(b) Калий ауада өздігінен тұтанады.
(і) Калийдің ауада жануының реакция теңдеуін жазып, оны теңестіріңіз.