ТЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан

«Химия» 9 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ «Химия» 9-сынып 2-тоқсан

«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Аммоний нитраты NH4NO3 қосылысындағы азоттың тотығу дәрежелерін анықтаңыз.
A. +3, +5
B. -3, +5
C. +1, -1
D. -3, +4
[1]
2. Металдардан сым, көліктің құралдарын, зергерлік бұйымдар жасайды. Металдардың осы
қолданылуы қандай қасиеттерге байланысты?
Бөлшектер арасындағы
электростатикалық күш
Кристалдық торы Электр өткізгіштігі
A. ия металдық ия
B. ия иондық ия
C. жоқ металдық ия
D. жоқ иондық ия
[1]
3. Сілтілік металдардың қасиетін сипаттайтын дұрыс тұжырым(дар)ды таңдаңыз.
i. Сумен әрекеттескенде рН мәні 12-14 аралығында болады
ii. Негіздермен реакцияға түсіп тұз түзеді
iii. Сыртқы қабатындағы бір электронды оңай беріп, инертті газдың конфигурасын
түзеді.
A. і, іі және ііі жауаптары дұрыс
B. і және ііі жауаптары дұрыс
C. і, іі жауаптары дұрыс
D. іі және ііі жауаптары дұрыс
[1]
4. Реакция теңдеуін электронды баланс әдісімен теңестір. Тотығу және тотықсыздану
процестерін бағдармен көрсетіңіз.
Sn + HNO3 → SnO2 + NO2 + H2O
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
[3]
5. Барлық сілтілік металдар 1+ иондарын құрайды.
Неліктен олардың балқу нүктелері суретте көрсетілгендей өзгереді?