БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ЖМБ «Тыныс алу тарауына»
«Тыныс алу тарауына» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 2-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ЖМБ «Тыныс алу тарауына»
Тыныс алу тарауына жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау
10.1.4.2 Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы
АТФ синтезін салыстыру
10.1.4.4 Энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
10.1.4.5 Митохондрия құрылымдары мен жасушалық
тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
10.1.4.6 Кребс циклін сипаттау
Бағалау критерий Білім алушы
АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттайды
Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы
АТФ синтезін салыстырады
Энергетикалық алмасу кезеңдерін атайды
Митохондрия құрылымдары мен жасушалық
тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнатады
Кребс циклін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. АТФ – жасушада түзіліп және жұмсалатын молекула. 1-суретті пайдалана отырып, АТФ-ң
үш бөліктерін атаңыздар:
1-сурет
1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________
2. Кейде спортшыларға АТФ энергиясын түзу үшін анаробты жағдайда да тыныс алуға
мәжбүр болады. Не себепті аэробты тыныс алумен салыстырғанда анаэробты жағдайдағы
тыныс алу кезінде АТФ мөлшерде аз түзіледі?
3. Анаэробты және аэробты тыныс алу кезінде энергетикалық алмасудың ортақ кезеңін