БЖБ 10-сынып География, 1-тоқсан ЖМБ «Картография және геоинформатика»
«Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 10-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
БЖБ 10-сынып География, 1-тоқсан ЖМБ «Картография және геоинформатика»
«Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Заманауи картографиялық әдістер. Географиялық деректер
базасы. Географиялық деректерді визуализациялау
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер
әдістерін қолдану
10.2.2.3 АКТ графикалық редакторларының қолданысымен
тақырыптық картасызбаларды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
Картографиялық әдісті қолданып, ақпаратты
зерттейді
Ақпартты қолданып, картасызба жасайды
Ойлау деңгейлері Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Атласты қолданып, Аустралияның жер бедерін зерттеңіз.
a. Биіктіктігі басым аймақ материктің қай бӛлігінде орналасқанын анықтаңыз.
b. Материктің ең тӛмен және ең биік нүктесін анықтап, айырмасын жазыңыз.
c.Материкте орналасқан үш таудың шыңдарының биік нүктесін анықтап, биіктігін
жазыңыз.
d. Жер қыртысының құрылымы картасын қолданып, осы таулардың қандай
қатпарлыққа сәйкес келетінін анықтаңыз
2. Мәтіндегі деректерді қолданып, Қазақстанның халық тығыздығының картасызбасын
жасаңыз.
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2
) болғанымен халық сирек қоныстанған
елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 6,2 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн
табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы ӛңiрлер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы
облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда).
Тұрғындар тығыздығы 1 км2
-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы
түрде тұрғындары кӛп келесi аймақтар Солтүстік Қазақстан аймағы: Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Тұрғындар тығыздығы 1 км2
-ге
5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындар
тығыздығы 1 км2
-ге 5,4 адамнан. Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика
тұрғындары км
2
-ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтӛбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан
аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда 1 км2
-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9;
3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан.
1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық бiрлiгiнде 84
қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болды. Ресми
статистистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi
мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
a. Мәтіндегі деректерді пайдаланып, Қазақстанның халық тығыздығының
картасызбасын жасаңыз.