БЖБ 10-сынып «Қазақ әдебиеті», 2-тоқсан «Қазақтың Қанышы»
«Қазақтың Қанышы» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ әдебиеті» 10-сынып 2-тоқсан
Әдістемелікұсыныстармұғалімге 10-сыныпоқушыларына«Қазақәдебиеті»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудыңтапсырмаларымұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
БЖБ 10-сынып «Қазақ әдебиеті», 2-тоқсан «Қазақтың Қанышы»
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын
анықтап, бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын
анықтап, пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «Бәрі де майдан үшін» бөлімінің тарихи
және көркемдік маңызын анықтаңыз. Өз ойыңызбен байланыстырып, 3 мысал келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________