БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс»

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс»

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау,
негізгі үрдістерді анықтау
10.3.2.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі
графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды
тұстары мен үрдістерді талдап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтер
бойынша негізгі үрдістерді анықтайды
 Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып,
маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
https://bnews.kz
1. Мәтінде қандай ақпараттар берілген?Негізгі үрдістерді анықтаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________