БЖБ 10-сынып «Қазақстан тарихы», 1-тоқсан «Өркениет: даму ерекшеліктері»
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 10-сынып 1-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып «Қазақстан тарихы», 1-тоқсан «Өркениет: даму ерекшеліктері»
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық
аспектілері. «Ұлы Дала»: тарихи-географиялық
сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және
қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі)
Оқу мақсаты 10.1.1.1 «Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және
географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану
10.1.2.1 Картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихигеографиялық аймағын анықтау
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын
және өзара байланысын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
«Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихы мен
ерекшеліктерін айтуда қолданады
«Ұлы Дала» аймағын картадан көрсетеді
«Ұлы дала» өркениетінің сабақтастығы мен
байланысын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Орталық Азия аймағының тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттап
жазыңыз.
Тарихи ерекшелігі Географиялық ерекшелігі
2. Берілген сұрақтарға жауап беріп, кескін картаға түсіріңіз.
a) «Ұлы Дала» аумағына қандай территория енеді? Кескін картаға белгілеңіз.
b)Қазақ хандығы қай аймақта құрылды? Кескін картаға белгілеңіз.
c) «Ұлы Дала» ұғымының тарихи мәнін ашыңыз.
3. Берілген мәтінді қолдана отырып, қазақ даласындағы ежелгі дәуірдегі мәдениеттің
жетістіктерін талдап, жазыңыз.