БЖБ 10-сынып «Физика», 1-тоқсан «Динамика»

«Кинематика»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып «Физика», 1-тоқсан «Динамика»

«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.1.2.1 Бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің
қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін
құру
10.1.2.4 Бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда
қолдану
10.1.2.5 Материалдық дененің инерция моментін есептеу
үшін Штейнер теоремасын қолдану
10.1.2.6 Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі
теңдеуін есеп шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бірнеше күш әрекет ететін дене үшін Ньютон
заңдарын қолданады
 Бүкіл әлемдік тартылыс заңының мағынасын
түсіндіреді
 Штейнер теоремасын есептер шығаруда қолданады
 Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі
теңдеуін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Ньютонның ІІ-заңын тұжырымдаңыз.
(a) Білеуше суретте көрсетілгендей жазықтық бойымен төмен қарай сырғанайды.
1-сурет
Жазықтықтың горизонтпен жасайтын бұрышы 200
. Білеушенің массасы 65 кг. Білеушенің
сырғанауы кезінде оған әрекет ететін үйкеліс күші F тұрақты болып қалады.
(b) Білеушеге әрекет ететін басқа екі күштің аты мен бағытын анықтаңыз
(c) Білеуше қозғалысы кезіндегі оның жылдамдығының уақытқа тәуелді өзгерісі 2-
суреттегі графикте берілген.