БЖБ 10-сынып Химия 1-тоқсан «Химиялық байланыс»

«Химиялық байланыс»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ «Химия» 10-сынып 1-тоқсан «Химиялық байланыс»

10.1С «Химиялық байланыс» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Химиялық элемент атомдарының физикалық
қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау: радиусы,
иондану энергиясы, электронтартқыштық,
электртерістілік және тотығу дәрежесі
10.1.4.7 Ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер
мен айқыштар» диаграммасын құрастыру
10.1.4.8 Иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған
иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде
түзілетіндігін түсіну
10.1.4.11 Металдық байланыстың табиғатын және оның
металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын: радиусы, иондану энергиясы,
электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу
дәрежесін сипаттайды
 Ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен
айқыштар» диаграммасын құрастырып, байланыстың
түзілу мәнін түсіндіреді
 Иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған
иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде
түзілетіндігін сипаттайды
 Металдық байланыстың табиғатын және оның
металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (а) Азот молекуласындағы электрондардың таралуының қайсысы дұрыс?