БЖБ 10-сынып Химия 1-тоқсан «Химиялық байланыс»

«Химиялық байланыс»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 1-тоқсан «Химиялық байланыс»

10.1D «Стехиометрия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.1.1 Химияның негізгі стехиометриялық заңдарының
тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат
массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы,
Авогадро заңы
10.1.1.2 «Салыстырмалы атомдық масса»,
«салыстырмалы молекулалық масса» және
«молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін
түсіндіру
10.1.1.3 Зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық
заңдарды қолданып есептеулер жүргізу
10.2.2.2 Бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері
(массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша
реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық
мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары
бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат
мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек
сандарын) есептеу
10.2.2.3 Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы
реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Стехиометриялық заңдар тұжырымдамасын түсініп,
сипаттайды
 «Салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы
молекулалық масса» және «молярлық масса»
терминдерінің мәнін түсіндіреді
 Зат мөлшерін және стехиометриялық заңдарды
қолдана отырып есептеулер жүргізеді
 Реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық
мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары
бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат
мөлшерін есептейді
 Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция
өнімінің шығымына байланысты есептеу жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1. (а) Стехиометриялық заңның атауы мен заңның тұжырымдамасы арасындағы
сәйкестікті көрсетіңіз:
Стехиометриялық
заңның атауы
Заңның тұжырымдамасы