ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан (ҚГБ)
Құқық негіздері 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 1-тоқсан (ҚГБ)
«Құқық негіздері» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1.Төменде берілген органның қайсысы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау
органдарына жатады:
А. ҚР Парламенті
В. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау органы
С. ҚР Ішкі істер органдары
D. ҚР Сыртқы істер органдары
1.2.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу және
тергеу міндетін жүзеге асыратын құқық қорғау органын белгілеңіз.
А. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі
В. Мемлекеттік кіріс департаменті жанындағы Экономикалық тергеу қызметі
С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро
D. Қаржылық бақылау инспекциясы
1.3.Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыру қызметін
жүзеге асыратын органды анықтаңыз.
А. ҚР Прокуратура
В. ҚР ҰҚК
С. ҚР Ішкі істер органдары
D. ҚР Сот органдары
1.4. ҚР Прокуратура қызметінің құқықтық негіздеріне не жататындығын көрсетіңіз.
А. ҚР Конституциясы мен заңы
В. ҚР Конституциялық заңы мен кодекс
С. ҚР Нормативтік-құқықтық актілері
D. ҚР Жарлықтары мен бұйрықтары
[4]
2. Құқықтық мемлекеттің белгілерімен танысып, төменде берілген Конституциялардағы
нормалардың мазмұнынан құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтап, кестенің екінші
бағанасына жазыңыз.
Құқықтық мемлекеттің төрт негізгі белгісі бар:
A. қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың басымдылық ролге ие болуы;
B. адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шынайылығы мен кепілдігі;
C. мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара жауапкершілік;
D. билікті бөлу қағидаты.