ТЖБ 10-сынып Физика 1-тоқсан (ҚГБ)
«Физика» 10 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 10-сынып Физика 1-тоқсан (ҚГБ)
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Суретте өзеннің ағыстары көрсетілген. Ағыс жылдамдығына қарай олар: ламинарлы және
турбулентті болып екіге бөлінеді.
(a) Әр суреттің астына қандай ағыс екенін жазыңыз.
_______________________________ ________________________________
[1]
(b) Сурет бойынша ағыстың неліктен өзгергенін түсіндіріңіз.
[1]
2. Төменде берілген жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі мотоциклшінің қозғалысын
сипаттайды.
(a) Графиктің әр бөлігіне сәйкес келетін қозғалыс түрін атаңыз:
А – ..............................................................................................
В – ..............................................................................................
С – ..............................................................................................
D – ..............................................................................................
[1]
(b) Графиктің қай бөлігінде удеу нөлге тең?
[1]
3. Снаряд суретте көрсетілгендей көкжиекке α бұрыш жасай, u жылдамдықпен атылды.
Жылдамдықтың t уақыттан кейінгі құраушылары неге тең болады?
[2]
Вертикаль құраушысы Горизонталь құраушысы