ТЖБ 10-сынып Физика 2-тоқсан (ҚГБ)

«Физика» 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Физика 2-тоқсан (ҚГБ)

«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қатты денелер кристалдық торына қарай үшке бөлінеді.
(a) Төменде қатты денелердің кристалдық торлары көрсетілген. Қатты заттардың
түрін жазыңыз.
 [1]
(b) Кристалдардың физикалық қасиеттерін атаңыз.
[1]
2. (а) Термодинамиканың бірінші заңын тұжырымдаңыз.
[1]
 (b) Бірінші текті мәңгі қозғалтқыш болмайтынын термодинамиканың қай заңы
дәлелдейді?
[1]
3. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін схема түрінде көрсетіңіз және
сипаттаңыз.
[2]
4. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атаңыз және үшінші қағиданы
дәлелдейтін мысалдарды келтіріңіз.
[2]
5..Білім алушы қатты денелер, сұйықтар және газдар туралы кейбір тұжырымдарды жазды.
1) Қатты денелер қатты болады, өйткені олардың молекулалары тербеліс жасайды.
2) Сұйықтар ағады, өйткені олардың молекулалары газ молекулаларына қарағанда
жақын орналасқан.
3) Газдардың сұйыққа қарағанда тығыздығы азырақ, өйткені газ молекулалары ретсіз
қозғалады.
Қай тұжырым дұрыс? Неліктен?
[2]
6. Суретте массасы тұрақты идеал газ күйінің өзгеріс графигі көрсетілген.