ТЖБ 10-сынып Информатика 2-тоқсан (ЖМБ)

Информатика 10-сынып 2-тоқсандық бойынша жиынтық бағалау

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

Тапсырма түрлері:

ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

  • Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар типтері пайдаланылды: қысқа/толық жауапты тапсырмалар.
  • Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.
  • Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.
  • Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізбекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады.
  • Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады.
  • Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Информатика 2-тоқсан (ЖМБ)

«Информатика» пәні бойынша
2-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Екі санның максимумын табу программалық коды функцияны қолданып құрылған.
Функцияны шақыру командасын анықтаңыз, программалық кодты толықтырыңыз.
int f(int numa, int numb)
{
if (numa>numb)
return numa;
else
return numb;
}
int main()
{
int a,b;
cout << "Enter numbers: "<<endl;
cin >> a>>b;
cout<<"max="<< ___________________;
system("pause");
return 0;
}
[2]
2. Функцияны қолданып құрылған екі санның арифметикалық ортасын анықтайтын
программалық код үзіндісін толықтырыңыз.
float _________________(int x, int y)
{
return (float(x)+y)/2;
}
int main()
{
int a,b;
cout << "Enter numbers: "<<endl;
cin >> a>>b;
cout<<Arif __________;
system("pause");
return 0;
}
[2]
3. S1 жолдық қатарынан n символды S2 жолдық қатарына көшіретін программалық код
үзіндісін жазыңыз.
____________________