ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан (ЖМБ)
«Қазақ әдебиеті» 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10 сынып
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ 10 сынып Қазақ әдебиеті 2-тоқсан (ЖМБ)
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1) Қаныштың азан шақырып қойған есімі қандай?
А) Ғабдулғазиз
В) Ғабдулғани
С) Қаныш
D) Кенжетай
[1]
2. Қаныш Сәтбаевтың Семейде семинарияда оқып, білімін шыңдаған кезеңі қай бөлімде
қарастырылады?
А) «Алғашқы сапарда»
В) «Биге шықты дөңгелеп»
С) «Қанат ұшқанда қатаяды»
D) «Судья және профессор»
[1]
3. Оқуын ары қарай тереңдетіп, ағылшын тілін үйренуге талпынған Қаныштың арманы
орындалмай елге қайтуына не себеп болды?
А) Ақпан төңкерісінің дүмпуі
В) Оқуын жалғастыратын арнайы мамандардың табылмағаны
С) Ата-анасының өтініші
D) Денсаулығының сыр беріп, шұғыл емдеу қажеттігі
[1]
4. Қаныштың отбасына қатысты кейіпкерлерді көрсетіңіз.
А) Нұрым, Шорман, Садуақас, Нұрғали
В) Әлима, Имантай, Бөкеш, Шәрипа
С) Имантай, Жүсіпбек, Ғазиз, Қайнекей
D) Әбікей, Таисия, Фатима, Жақып
[1]
5. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің негізгі идеялық мақсаты қандай?
А) Хаттар мен естеліктер, ұлы ғалымның өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып,
ұлағатты ғұмыр жолын ұлықтау
Ә) Ғалымның құпияда келген өмірін сипаттау, ақтап алу
В) Қаныш Сәтбаевтің өмір жолын зерттей отырып, шетелдіктерге таныстыру
D) Ұмытылып қалған тұлғаның бейнесін ашу, тарихи оқиғаларды зерттеу, қазақтың кен
орындарының ашылу тарихын баяндау