ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 2-тоқсан (ЖМБ)
Құқық негіздері 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 2-тоқсан (ЖМБ)
«Құқық негіздері» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесі туралы кестені толтықтырыңыз.
[8]
2. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қылмыс және теріс қылық
Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі
топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық. Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет — әрекетсіздік. Қылмыстың қоғамдық дәрежесін
білу үшін, мынандай факторларға сүйену керек: объектінің құндылығы, құқыққа қайшы
әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірген зиянның көлемі мен сипаты, құқық
бұзушының жеке мінездемесі. Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға
қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан
келтіруші құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-
тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылық – қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян
келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін
туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту
түріндегі жаза көзделген, іс-әрекет (әрекетсіздік) болып танылады делінген. Яғни қылмыстық
теріс қылықтың өзіне тән негізгі 4 белгісі болуы тиіс:
1. Әрекет қасақана болуы;
2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;
3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;
4. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту,
қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс.
prokuror.gov.kz
Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың ерекшеліктері қандай?
1_________________________________________________________________________
2_________________________________________________________________________
3_________________________________________________________________________
Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты қоғамға қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттаңыз:
1._________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________
[5]