ТЖБ 10-сынып Физика 2-тоқсан (ЖМБ)
«Физика» 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 10-сынып Физика 2-тоқсан (ЖМБ)
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жабық ыдыста тұрған газ суиды. Осы кезде газдың қысымы мен газ
молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
(a)
Газ қысымы Газ молекулаларының кинетикалық энергиясы
A кемиді кемиді
B кемиді артады
C артады кемиді
D артады артады
[1]
(b) (а)-бөліміндегі жауабыңызды түсіндіріңіз.
[2]
2. Термодинамиканың бірінші заңының өрнегі былай жазылады:
∆𝑈 = 𝑄 + 𝐴 ,
мұндағы, ΔU - жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі
Q – жүйеге берілген жылу мөлшері
A – газбен жасалған жұмысы
Кестені әр берілген процес үшін толтырыңыз. « + » шаманың артуы жағдайында, « - »
шаманың кемуі жағдайы үшін, ал « 0 » белгісін шама өзгермейтін жағдай үшін жазыңыз.
U Q A
Газ тұрақты температурада
сығылады
Газ адиабаталық ұлғаяды
Қатты зат ұлғаюсыз қыздырылады
[3]
3. Суретте идеал газ күйінің өзгеру циклі берілген.
Изотермиялық сығылуға сәйкес келетін бөлік:
A. АВ
B. DA
C. CD
D. BC
[1]
4. Температурасы Т = 296 К, массасы 10 г газдың орташа квадраттық жылдамдығы
υ = 480 м/с.
(a) Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығының температурамен
байланысын көрсететін формуланы жазыңыз.
[1]
(b) Осы газдағы молекула санын есептеңіз. k = 1,38∙10-23 Дж/К