БЖБ 11-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ «Жасанды интеллект»

«Деректерді ұсыну» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 11-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт) 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін)  10-сыныптары «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ 11-сынып «Информатика», 1-тоқсан ЖМБ «Деректерді ұсыну»

«Жасанды интеллект» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.3.4.1
11.3.4.2
11.3.4.3
машиналық оқыту, нейрондық желілер (нейрондар
және синапстардың) қағидаттарын түсіндіру;
өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында,
қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын
сипаттау;
электрондық кестелердегі/математикалық модельдеу
бағдарламаларындағы нейрондық желілерді
жобалау.
Бағалау критерийі Білім алушы
 машиналық оқыту, нейрондық желілер (нейрондар және
синапстардың) қағидаттарын түсіндіреді;
 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында,
қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын
сипаттайды;
 электрондық кестелердегі/математикалық модельдеу
бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. «Нейрон» және «Синапс» түсініктерінің байланысын сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
2. Нейрондық желінің түрлеріне түсінік беріңіз және мысал келтіріңіз.
Түрлері Жіктеу Болжау Тану
Қызметі
Мысал
3. Өнеркәсіпте шығынды азайту үшін қолданылатын ЖИ түріне мысал келтір.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________