БЖБ 11-сынып «Қазақстан тарихы», 1-тоқсан (ҚГБ) «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 11-сынып 1-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ 11-сынып «Қазақстан тарихы», 1-тоқсан (ҚГБ) «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениеттің даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің
дамуы. Қолөнер мен кәсіптер. ХХ ғасырдағы Қазақстан
экономикасының дамуы
Оқу мақсаты 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету
жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғигеографиялық факторлардың әсерін зерттеу
11.1.1.3 Картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет
түрлерін жіктеу
11.1.3.4 Этнографиялық материалдардың негізінде
қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау
11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тіршілік жүйесінің дамуына табиғи-географиялық
факторлардың әсерін зерттейді
 Дәстүрлі шаруашылық түрлерін картада көрсетеді
 Қолөнер мен кәсіптің дамуына сипаттама береді
 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына
бағытталған факторларды анықтап, талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген суреттерге сүйене отырып, қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз ету
факторларын анықтаңыз.
Географиялық факторлар:
1._______________________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________________
Тарихи факторлар: