БЖБ 11-сынып «Қазақстан тарихы», 2-тоқсан (ҚГБ) «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 11-сынып 2-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ 11-сынып «Қазақстан тарихы», 2-тоқсан (ҚГБ) «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі
(XVIII ғасыр- XXғасырдың басы).
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның
қалыптасуы.
Оқу мақсаты 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық
құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу
11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін
түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс
аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық
құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу жүргізеді
 «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып
Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Деректерді пайдаланып XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан халықтарының
этникалық құрамының өзгеруін зерттеңіз.
1-дерек
Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды.
Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897
жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі
33%-дан асып түспеген еді; орыс қоныстанушылардың жер аударылуы жағынан, бірінші
кезекте Торғай облысы орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028
адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін
байқауға болады
(Прошлое Казахстана в источниках и материалах: (Сборник I. (V в. до н. э.-XVIII в. н. э.)) /
Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.А. – А.: Казакстан, 1997. - 383 с. с. 292).2-
2-дерек
1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен
дүнген ұлттары қоныс аударылды. Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы
және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша
таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген)
(История Казахстана: народы и культуры: Учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. – Алматы:
Дайк-Пресс, 2001. – 600 с. с. 221).
3-дерек
ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де
қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында