БЖБ 11-сынып Биология, 2-тоқсан ҚГБ  «Көбею»

«Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Биология 11-сынып 2-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 11-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 11-сынып Биология, 2-тоқсан ҚГБ  «Көбею»

«11.2 С Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 11.2.1.1. Адам гаметогенезін түсіндіру
11.2.1.2 Сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын
түсіндіру
Бағалау критерий Оқушылар:
 Адам гаметогенезін сипаттайды
 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын
анықтайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
№1.
Сызбада гаметогенез үдерісі көрсетілген.
Сызба және жауап беру үшін қажетті терминдер мен түсініктерді пайдаланып кестені
толықтырыңыз
Жауап беру үшін қажетті терминдер мен түсініктер:
1) овогенез
2) мейоз
3) қалыптасу аймағы
4) репликация
5) митоз