БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ «Толқындық оптика»
«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 11-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ «Толқындық оптика»
«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.1.1 – жарық толқындарының интерференциясы және
дифракциясы пайда болуын шарттарын сипаттау;
11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау
үшін қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы
Интерференция құбылысын сипаттайды;
Дифракция құбылысын сипаттайды;
Дифракциялық тор формуласын қолданады.
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Екі жарық көзінің интерференциялық жолақтарын бақылау үшін, көзге көрінетін
жарықпен тәжірибе өткізілді.
а) Интерференциялық жолақты бақылау үшін, тапсырманы орындауға қажет екі шартты
көрсетіңіз?
1. ..............................................................................................................
2. ..............................................................................................................
[2]
ә) Лазерден шыққан, көзге көрінетін жарық қос саңылауға келіп түседі. Екі саңылау
аралығы 0.5 мм.-ге тең. Қос саңылаудан шыққан сәуле 2.53 м қашықтықта орналасқан
экранға келіп түседі.
1-сурет
Экранда интерференциялық көрініс пайда болады. 2 суретте – толық масштабты
көріністің бір бөлігі.
2-сурет
1. 2-суреттен араласқан жолақтардың арасындағы х арақашықты нақты дәлдікпен
анықтауға болатындай өлшемдер жасаңыз
x = ............................ мм [2]
Лазер құрайтын жарықтың толқын ұзындығын есептеңіз.
жарықтың толқын ұзындығы = .......................... м [2]