БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ «Геометриялық оптика»
«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 11-сынып 2-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ҚГБ «Геометриялық оптика»
«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік
жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты
технологияның артықшылығын түсіндіру;
11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің
жолын салу және түсіндіру.
Бағалау критерийі Білім алушы
Снеллиус заңын қолданады;
Оптоталшықтардың қолданылуын түсіндіреді;
Оптикалық құралдарда сәулелер жолын салады.
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдысы
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Эксперимент барысында жарық сәулесі ауадан шыныға өткен. Оқушының эксперимент
нәтижесі бойынша алған суретін қолдана отырып, шынының сыну көрсеткішін
анықтаңыз. D=3.3 см
[4]
2. Су бетіне ауадан жарық сәулесі түседі. Судың төменгі қабатында шыны орналасқан.
Шынының сыну көрсеткіші судың сыну көрсеткішінен жоғары екені белгілі. Қайсы
суретте жарық сәулесінің жүру жолы дұрыс көрсетілгенін анықтаңыз