ТЖБ 11-сынып Геометрия 2-тоқсан (ЖМБ)
«Геометрия» 11-сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математика бағыты)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын11тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 11-сынып Геометрия 2-тоқсан (ЖМБ)
«Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қиық пирамиданың табандары қабырғалары 2 және 4 болатын дұрыс үшбұрыштар. Қиық
пирамиданың бүйір қабырғалары 3 тең болса, онда оның толық бетінің ауданын табыңыз.
[5]
2. E, F, G нүктелері арқылы өтетін кубтың қимасын салыңыз.
[4]
3.
(a) 𝑙1: {
𝑥 = 2 + 𝜇
𝑦 = 𝜇
𝑧 = 4 + 𝜇√2
түзуі мен 𝑙2: {
𝑥 = 5
𝑦 = −3 + 𝜆
𝑧 = −1 + 𝜆√2
түзулерінің арасындағы бұрышты
табыңыз.
[4]
(b) 𝑥 + 𝑦 + √2𝑧 = 5 теңдеуімен берілген жазықтық пен {
𝑥 = 5
𝑦 = −3 + 𝜆
𝑧 = −1 + 𝜆√2
түзуінің
арасындағы бұрышты табыңыз.
[2]
4. 𝐴𝐵𝐶𝐷 пирамидасының төбелерінің координаталары 𝐴(3; −1; 0), 𝐵(0; −7; 3),
𝐶(−2; 1; −1), 𝐷(3; 2; 6) берілген. 𝐴𝐵 түзуінің 𝐴𝐷𝐶 жазықтығына перпендикуляр болатынын
дәлелдеңіз.