«Ана тілі» 1-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ана тілі
(Барлығы – 112 сағат, аптасына -6 сағат)
2021-2022 оқу жылына арналған ана тілі пәнінен 1- сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары келесі құжаттарға негізделіп жасалынды.
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021ж 20 тамыздағы №415 бұйрығы (2012ж 8-қарашадағы №500 бұйрығы). 1 – қосымшасы 1-4 сыныптарға арналған.
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-қосымша
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығы
· Әліппе оқу бағдарламасы 1-сынып
· Ана тілі оқу бағдарламасы 1-сынып
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Ø Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Ø «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 286 бұйрығы
Ø 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (2021 жылғы 13 мамырдағы №5 хаттама).
Ø 31.08.2021-ғы № 444 Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Ø Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:
дыбыспен жаттығу |
оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту |
әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу |
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу |
· Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
· «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
· Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек. І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин. Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-дан аспауы керек.
«Ана тілі» 1-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Р/с |
Ауыспалы тақырыптар |
Сабақтың тақырыбы |
Оқыту мақсаты |
Сағат саны |
Мерзімі |
Ескерту |
||
3 тоқсан |
||||||||
1 |
Тіл және сөйлеу |
Сөйлеу не үшін қажет? |
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу |
1 |
|
|
||
2 |
|
Ана тілі Сөйлеу не үшін қажет? |
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау; 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу. |
1 |
|
|
||
3 |
Дыбыс және әріп |
Дыбыстар мен әріптер |
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша аудио, бейнежазба, кітап басылым материалдарының көмегімен мәтіннің мазмұнын болжау; 1.2.8.1.дыбыстың таңбасы-әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату. 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу. |
1 |
|
|
||
4 |
|
Алғашқы қар Дыбыстар мен әріптер |
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу. |
1 |
|
|
||
5 |
|
Сырғанақта Дыбыстар мен әріптер |
1.2.5.1.мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру. 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу.
|
1 |
|
|
||
6 |
|
Соқпақ Дауысты және дауыссыз дыбыстар |
1.2.5.1.мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру. 1.2.8.2.дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардыі жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну:; |
1 |
|
|
||
7 |
|
Қыс. Дауысты және дауыссыз дыбыстар |
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және сету, есте сақтау арқылы жазу; 1.2.8.2.дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардыі жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну:; |
1 |
|
|