ТЖБ 3-тоқсан Дүниетану 2-сынып  

3-тоқсан бойыншажиынтық бағалау 2-сынып «Дүниетану»

2-сыныпта  «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар  «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 3-тоқсан Дүниетану 2-сынып  

«Дүниетану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сөйлемдерді толықтыр. Балалардың іс- әрекетін жаз.
1) Балалар сабақта _________________________________________________________.
2) Балалар спорттық үйірмеде _______________________________________________.
[2]
2. Суреттерді тиісті сөздермен сәйкестендір. Сұраққа жауап бер.
 Зиянды сусындарды неге ішуге болмайды?
__________________________________________________________________
[2]
3. Сұрақтарға жауап бер.
 Мектепте қандай ережелерді сақтау керек? 2 мысал жаз.
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
 Көшеде қандай ережелерді сақтау керек? 2 мысал жаз.
1) _______________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
[4]
4. Сұрақтарға жауап бер.
 Наурыз мерекесі қашан тойланады?
_________________________________________________________________
 Наурыз мерекесі қалай тойланады?
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
[2]
5. Суреттегі адамдар немен айналысып жүр? Суреттерді сәйкес сөздермен
байланыстыр.